Қорғаныс министрі: Әскери қызметшілердің қазасына кінәлілер жауаптан жалтармайды

25 қыркүйек, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қорғаныс министрі: Әскери қызметшілердің қазасына кінәлілер жауаптан жалтармайды
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов қаза тапқан сарбаздардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, кінәлі тұлғалардың жауапкершіліктен жалтармайтынын атап өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біз қаза тапқандардың отбасыларымен тұрақты байланыстамыз және оларға барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіп жатырмыз», - деді министр.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда.

Кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылатын болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін әскери қызметшілердің қазасына қатысты бес лауазымды тұлға ұсталғанын жаздық.