Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Азия ойындарының финалына шықты

25 қыркүйек, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Азия ойындарының финалына шықты
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Қазақстан ерлер құрамасы нысана көздеуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының іріктеу кезеңінде бақ сынады. Ислам Сәтпаев, Константин Малиновский және Никита Шахторин 50 метрден үш қалыпта мылтықпен атудан іріктеу кезеңіне қатысты. Нәтижесінде Ислам Сәтпаев 584 ұпай еншілеп, финалға өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҰОК-ке сілтеме жасап. 

Ал Константин Малиновский 583 ұпаймен 13-орын, Никита Шахторин 579 ұпаймен 20-орынмен жарысты аяқтады.

Іріктеу кезеңінің ұпайлары командалық бәсекеде де есепке алынды. Қазақстан құрамасы 1746 ұпаймен бесінші орынға жайғасты. Қытай бірінші орын алса, Үндістан екінші орынға ие болды. Ал Оңтүстік Корея үздік үштікті түйіндеді.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы байдарка мен каноэде есуден Азия ойындарының қола жүлдегері атанғаны туралы жаздық.