Жалпыұлттық аза тұту күні

Air Astana қаза тапқан әскери қызметшілердің жақын туыстарын тегін тасымалдайды

Бүгін, 15:41
Думан Аманжол Думан Аманжол
Air Astana қаза тапқан әскери қызметшілердің жақын туыстарын тегін тасымалдайды
Фото: Air Astana әуекомпаниясы

Air Astana компаниялар тобы Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде аман қалған және қаза тапқан әскери қызметшілердің жақын туыстарын тегін тасымалдайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Air Astana компаниялар тобы Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан және аман қалған әскери қызметшілердің жақын туыстарына, сондай-ақ аман қалған әскери қызметшілердің өздеріне авиабилеттер ұсынады.

Билеттер 25 қыркүйек - 3 қазан арасында орындалатын компаниялар тобының кез келген ішкі рейстеріне ұсынылады.

«Жақын туыстарына ата-аналар, ерлі-зайыптылар, балалар, сондай-ақ туған аға-інілері мен апа-сіңлілері жатады. Брондау кезінде туыстығын растайтын құжаттарды ұсыну қажет», - делінген хабарламада.

Билеттерді рәсімдеу үшін компаниялар тобының сату кеңселеріне, сондай-ақ басқа да байланыстар бойынша хабарласу сұралады:

Air Astana, Брондау және ақпарат орталығы (24/7): мына форманы толтыру қажет. 

Online chat: airastana.com, help@flyarystan.com

Байланыс телефондары: 8 727 331-10-10, WhatsApp +7 702 702 0227

Live Chat FlyArystan мобильді қосымшасында/ flyarystan.com сайтында.

Еске салсақ, Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде аман қалған 19 жастағы Бекет Мырзағалиевтің анасы ұлының ауруханаға жатқызылмағанын, қазіргі жағдайы жақсы екенін айтты.