Қазақстан әйелдер құрамасы байдарка мен каноэде есуден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

25 қыркүйек, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстан әйелдер құрамасы байдарка мен каноэде есуден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Фото: ҰОК

Жерлестеріміздің жеңісі туралы Ұлттық Олимпиадалық комитет жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz. 

Қазақстан әйелдер құрамасы байдарка мен каноэде есуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сынға түсті.

Ұлттық құрама төрттік-байдаркамен 500 метрге ескек есуден А финалында бақ сынады.

Нәтижесінде жерлестеріміз қашықтықты 1 минут 37.005 секундта бағындырып, қола жүлдеге ие болды.

Бірінші орынды Қытай құрамасы жеңіп алды - 1:33.784. Күміс медаль Өзбекстанға бұйырды - 1:36.561.

Айта кетейік, ұлттық құрама сапында Ольга Шмелева, Стэлла Суханова, Татьяна Токарницкая, Эвелина Костенко өнер көрсетті.