Президент атаулы көңіл айту жеделхаттарын жолдады: қаза болғандар мемлекеттік марапаттарға ұсынылады

25 қыркүйек, 2026
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Президент атаулы көңіл айту жеделхаттарын жолдады: қаза болғандар мемлекеттік марапаттарға ұсынылады
Фото: Орынбасар Сейдов/Facebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтып, атаулы жеделхаттар жолдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Жеделхаттарды Маңғыстау және Түркістан облыстарының басшылары, Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы мен қоғам белсенділері оқып, табыстады.

Президент марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына қолдау білдіріп, оларға барлық қажетті көмек көрсетілетінін, ал кінәлілер ең қатаң жазаға тартылатынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеделхатында әскери қызметшілердің мемлекеттік марапаттарға ұсынылатыны айрықша аталып өттi.

Естеріңізге салсақ, Каспийдегі оқу-жауынгерлік міндетті орындау барысында ауа райының кенеттен күрт нашарлауынан орын алып, нәтижесінде 17 әскери қызметшіні ашық теңізге алып кеткен болатын. Олардың үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза тапты.

Әскери қызметшілердің қазасына қатысты бес лауазымды тұлға ұсталды.