Астаналық оқушылар Еңбек күнін ерекше флешмобпен атап өтті

Бүгін, 13:43
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астаналық оқушылар Еңбек күнін ерекше флешмобпен атап өтті
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана қаласының М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының өнерпаздары Еңбек күніне орай ерекше флешмоб ұйымдастырып, көшпенділер мәдениетін дәріптейтін танымал биді орындады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Ұлттық өнер мен заманауи жастардың белсенділігі тоғысқан би арқылы оқушылар еңбекті құрметтеу, бірлік пен дәстүр сабақтастығының маңызын көрсетті.

Еңбек – елдің берекесі. Ал еңбекке құрмет жас ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігі. Еңбекті бағалай білетін ұрпақ – елдің ертеңін қалыптастыратын саналы ұрпақ.

Еске салайық, бұған дейін Астанада еңбек адамдарына арналған фотокөрме өткені туралы жаздық.