Қазақстандық ескекшілер Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды
24 қыркүйек, 2026
Фото: Никита Басов
Қазақстандық ескекшілер Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая байдарка мен каноэде ескек есуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Отандастарымыз екілік-байдаркада 500 метрге ескек есуден ақтық сында 1:48.140 уақыт нәтижесін тіркеді.
Осылайша Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая күміс жүлдеге ие болды.
Қытайлықтар Юй Шимэн және Инь Мэнди бірінші орын алды - 1:45.010. Ал Арина Танатмишева мен Екатерина Шубина (Өзбекстан) қола жүлдеге ие болды - 1:49.585.
Еске салсақ, Әлижан Аблағатов Азиадада ушудан алғашқы медальді жеңіп алды.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 08:49
Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Азиаданың қола жүлдесін жеңіп алды
27 қыркүйек, 2026
Қазақстандық шпагашылар Азия ойындарының чемпиондары атанды
27 қыркүйек, 2026
Алматыда 15-ші Almaty Marathon өтті
27 қыркүйек, 2026
Азиада-2026: Жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева алтын медаль жеңіп алды