Ем алу алдында дәрігер мен клиниканы қалай таңдау керек

19 қыркүйек, 2026
Жәнібек Амангелді Жәнібек Амангелді
Ем алу алдында дәрігер мен клиниканы қалай таңдау керек
Фото: ДСМ

Медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымға жүгінбес бұрын оның қызмет түрлеріне арналған рұқсат беру құжаты мен мамандардың сертификатын алдын ала тексеру қажет, деп хабарлайды Elordainfo.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Емдеуді бастамас бұрын мына талаптарға назар аударыңыз:

• медициналық қызметті жүзеге асыруға берілген қолданыстағы лицензияның болуы;

• лицензияға қосымша – онда сізге қажетті медициналық көмектің түрі көрсетілуге тиіс;

• медициналық қызмет көрсетілетін мекенжай рұқсат беру құжаттарында көрсетілген мекенжайға сәйкес келуі керек;

• көрсетілетін қызметтердің құны, оларды ұсыну шарттары, ықтимал қарсы көрсетілімдер мен қауіптер.

Медициналық ұйымның лицензиясын лицензиялар мен рұқсаттардың мемлекеттік электрондық тізілімінен eLicense.kz арқылы тексеруге болады.

Дәрігерді немесе маманды таңдаған кезде мыналарды нақтылаңыз:

* медициналық білімінің болуы;

* дәрігердің мамандығы;

* клиникалық практикамен айналысуға құқық беретін қолданыстағы маман сертификатының болуы.

Мынаны есте ұстаған маңызды: диагноз қою немесе диагнозды болжамдау, талдау нәтижелерін түсіндіру, дәрілік препараттарды тағайындау немесе тоқтату, сондай-ақ емдеудің жеке схемасын әзірлеу медициналық қызметке жатады. Мұндай қызметтерді клиникалық практикаға жіберілген медицина қызметкері ғана көрсетуге құқылы.

Бұл талап әлеуметтік желі мен интернет арқылы медициналық консультация беру кезінде де қолданылады.

Еске салсақ, маман маусымдық тұмаудан қалай сақтану жолдарын айтып берді.