Алексей Луценко Қазақстанға Азия ойындарының екінші алтынын әкелді

20 қыркүйек, 2026
Жәнібек Амангелді Жәнібек Амангелді
Алексей Луценко Қазақстанға Азия ойындарының екінші алтынын әкелді
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Алексей Луценко Айти–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының екінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм жəне спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі ерлер арасындағы тасжол велоспортынан жекелей уақытқа жарыста жеңімпаз атанды.

Алексей Луценко үшін бұл — мансабындағы төртінші Азия ойындары, ал құрлықтың басты додасында жеңіп алған бесінші алтын медалі.

Жарыс нәтижелері:

Алтын жүлде - Алексей Луценко — 41:24.05 (Қазақстан)
Күміс жүлде - Шунсукэ Имамура — 42:58.04 (Жапония)
Қола жүлде - Сайнбаяр Жамбалжамц — 42:58.06 (Моңғолия)

Бұған дейін отандасымыз 2014, 2018 және 2023 жылдардағы Азия ойындарында да чемпион атанған.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Азия ойындарына алғаш рет қатысқан 1994 жылдан бері жазғы Азия ойындарының бес дүркін чемпионы атанған спортшы бұған дейін тек каноэші Константин Негодяев болатын. Ол бұл нәтижеге 1994 және 1998 жылдардағы Азия ойындарында қол жеткізген.

Алексей Луценко сондай-ақ 2017 жылғы Азия чемпионы және 2012 жылғы 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионы.

Еске сала кетсек, қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова ХХ жазғы Азия ойындарында әйелдер арасындағы тасжол велоспортынан жекелей жарыста алтын медаль жеңіп алды.