Қазақстанның әуе компаниясы 15-рет ТМД-ның үздік әуе компаниясы атанды

19 қыркүйек, 2026
Жәнібек Амангелді Жәнібек Амангелді
Қазақстанның әуе компаниясы 15-рет ТМД-ның үздік әуе компаниясы атанды
Фото: Air Astana әуекомпаниясы

Air Astana әуе компаниясы 18 қыркүйекте Лондондағы әйгілі Langham қонақ үйінде өткен беделді World Airline Awards 2026 сыйлығында екі басты өңірлік марапатқа ие болды. Тасымалдаушы қатарынан 15-рет «Орталық Азия мен ТМД үздік әуе компаниясы» деп танылды, сондай-ақ оныншы рет «Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік борттық қызмет көрсеткені үшін» марапатын алды. Марапатты Skytrax халықаралық әуе көлігі рейтингтік агенттігі ұйымдастырады, деп хабарлайды Elordainfo.kz әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Air Astana қызмет көрсету сапасы мен деңгейі бойынша өңірде көшбасшылықты ұстап тұр. World Airline Awards кезекті қос олжа Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік тасымалдаушы мәртебесін растайды, сондай-ақ тұрақты жоғары стандарттар мен қызметкерлердің жұмысы үшін жолаушылардың жоғары бағасын көрсетеді.
 
Топтың құрамына кіретін лоукостер FlyArystan да төртінші жыл қатарынан «Орталық Азия мен ТМД-ның үздік бюджеттік әуе компаниясы» сыйлығын жеңіп алып, өзінің көшбасшылық жайғасымын растады.

«Air Astana-ның World Airline Awards әлемдік сыйлығындағы табысы әуе компаниясының қызмет көрсетуі мен өнімінің ең жоғары стандарттарын көрсетеді. Жолаушылар ұсынылатын сервисті жоғары бағалайды және осы 2026 жылдың нәтижелері Air Astana бортында жоғары сапаны және жоғары стандарттардың өзгермейтіндігін қамтамасыз етуге ұмтылысын көрсетеді», - деді Skytrax бас директоры Эдвард Плейстед.


1999 жылы Skytrax тағайындаған World Airline Awards сыйлығы 100-ден астам елдің жолаушылары қатысатын халықаралық сауалнама нәтижесіне негізделеді. Сауалнама аясында 350-ден астам әуе компаниясының қызметі бағаланады. Зерттеу мен марапаттау рәсімін Skytrax толығымен өз қаражаты есебінен қаржыландырады.

«Беделді Skytrax марапатын Air Astana үшін де, FlyArystan үшін де алу біз үшін үлкен мәртебе. Ол жолаушыларымыздың пікірін білдіріп, өз сегменттерінде екі әуе компаниясының да мықты жайғасымын көрсететіндігімен құнды. Мен клиенттерімізге сенімі мен адалдығы үшін, ал бүкіл командаға - іске адалдығы және қауіпсіздік пен қызметтің жоғары стандарттарына ұмтылысы үшін алғыс айтамын. Air Astana тобы өз өсуінің келесі кезеңіне аяқ басады және біз қызметкерлерге, флотқа және клиенттік тәжірибеге инвестиция салуды жалғастырамыз», - деді  Air Astana тобының бас атқарушы директоры Ибраһим Жанлыел.

Air Astana-ның соңғы жетістікгінің қатарында APEX нұсқасы бойынша «Орталық Азиядағы үздік әуе компаниясы» атағы, сондай-ақ Pax International Readership Awards және Onboard Hospitality Awards марапаттары бар.