Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова ХХ жазғы Азия ойындарында әйелдер арасындағы тасжол велоспортынан жекелей жарыста алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм жəне спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл — Қазақстан құрамасының биылғы Азиададағы алғашқы алтын жүлдесі. Рината Сұлтанова алғашқы жарыс күнінде жеңіске жетіп, ұлттық құраманың алтын медальдар есебін ашты.
Жарыс қорытындысы:
1-орын — Рината Сұлтанова — 36:23.72 (Қазақстан)
2-орын — Чжан Хао — 36:28.40 (Қытай)
3-орын — Син Джиын — 36:56.14 (Корея)
Бұл — Рината Сұлтанованың екінші Азиадасы. Бұған дейін Ханчжоуда өткен Азия ойындарында ол жекелей уақытқа жарысудан қола медаль жеңіп алған болатын.
Бүгінде тасжолдағы велоспорт Қазақстанның 9 өңірінде дамытылып келеді.
Рината Сұлтанованың жеңісі — Қазақстанның ХХ жазғы Азия ойындарындағы алғашқы алтын медалі.