Санжар Әділов ММА-дан Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді

Бүгін, 11:16
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Санжар Әділов ММА-дан Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Санжар Әділов Жапонияның Айти-Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы ММА-дың дәстүрлі стилі бойынша 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлдегер атанды.

Бұл жүлденің тарихи маңызы бар. Аралас жекпе-жек Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Осылайша, Санжар Әділов ММА бойынша Азия ойындарында жүлде жеңіп алған алғашқы қазақстандық спортшылардың қатарына енді.

Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Айти-Нагояда өтіп жатыр.

Бұған дейін үстел теннисінен Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында Мальдив құрамасын жеңді.