Header Banner

ШҚО-да сынып жетекшісін балағаттан оқушыға айыппұл салынды

ШҚО-да сынып жетекшісін балағаттан оқушыға айыппұл салынды
Фото: pexels.com

Марқакөл аудандық соты 17 жастағы оқушыға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 30 275 теңге көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Шығыс Қазақстан облыстық сотына сілтеме жасап.

Соттың мәліметінше, 19 қазанда сабақ барысында жасөспірім сыныптастарының көзінше сынып жетекшісін былапыт сөздермен балағаттап, қоғамдық тәртіпті бұзған. Оның әрекеті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша сараланды.

Сотта оқушы кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдіріп, мұғалімнен кешірім сұраған.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, Астанада әлеуметтік желіде балағат сөздер айтқан ер адам 7 тәулікке қамалды.