Арсланбек Мағзұм: Экологиялық мәдениетті қалыптастыруда идеологиялық жұмыстарды жүргізіп жатырмыз

21 қыркүйек, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Арсланбек Мағзұм: Экологиялық мәдениетті қалыптастыруда идеологиялық жұмыстарды жүргізіп жатырмыз
Фото: Арсланбек Мағзұм/Facebook

Астана қаласы мәслихаты депутаты Арсланбек Мағзұм елордада экологиялық мәдениетті қалыптасыруға байланысты іс-шаралар қарқынды жүзеге асырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Астанада экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында көптеген іс-шаралар өткізіліп жатыр. Жақында ғана Мемлекет басшысы өзі бастап сенбілікке шығып, жастармен кездескен болатын. Оларға өз алғысын білдірген Президент аталған бағытта елімізде және елордада жасалып жатқан жұмыстар жайлы бөліскен еді.

Иә, біз қазіргі таңда қалада ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанына куәміз.

Көптеген экологиялық акциялар, экофестивальдер өтіп жатыр. Арнайы сұрыптау орындары да өз жұмысына кірісті.

Өзіміз байқағанымыздай, елордамыз күннен-күнге көркеюде. Көптеген қоғамдық орындар ашылуда. Оны дұрыс бағалай білуіміз, сәйкесінше күтіп ұстауымыз қажет екенін ұмытпауымыз маңызды.

Қандай да бір сенбіліктерді өткізіп қана қоймай, осыған байланысты идеологиялық жұмыстар да жүргізілуде. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша көптеген кездесулер өткізіліп жатыр. Біз осылайша «жұмсақ күш» арқылы экосананы қалыптастырудамыз», - деді депутат.

Естеріңізге салсақ, Президент «Таза Қазақстан» жобасы аясындағы жүйелі саясат жемісін бере бастағанын айтқан болатын.