Header Banner

Түнде кәмелетке толмағандарды кіргізген: Семейдегі екі ойын-сауық орнының жұмысы тоқтатылды

Бүгін, 11:34
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Түнде кәмелетке толмағандарды кіргізген: Семейдегі екі ойын-сауық орнының жұмысы тоқтатылды
Фото: Magnific.соm

Семей қаласында екі ойын-сауық орнының қызметін тоқтатылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Атап айтқанда, «BohoMelnitsa» рестобарының қызметі 3 айға, ал «Camel» кафесінің қызметі 2026 жылғы 1 желтоқсанға дейін тоқтатылды», - делінген хабарламада. 

Бұған дейін аталған мекемелердің иелері осындай құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алайда бір жыл ішінде заңбұзушылықтар қайта тіркелген.

Осыған байланысты полиция ойын-сауық орындарының иелерін заң талаптарын сақтауға және балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.