Танымал қазақстандық өнер иесі Қайрат Әділгерей тұрмыстағы қауіпсіздікті арттыруға және улы газдан уланудың алдын алуға бағытталған «Ата-анаңның үйін тексер» республикалық акциясына қосылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Акция аясында тұрғын үйлерге, әсіресе қарт адамдар тұратын баспаналарға автономды улы газ датчиктерін орнатуға ерекше назар аударылады.
Өнер иесі қазақстандықтарға үндеу жасап, бастаманы қолдауға және жақындарының қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырды. Ол ата-ана мен туған-туысқа қамқорлық тек көңіл бөлу мен жылы сөз айтумен шектелмейтінін, олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектесетін нақты әрекеттерден көрініс табатынын атап өтті.
«Ата-анаңыздың үйін тексеріңіз! Улы газ датчиктерін орнатып, жақындарыңыздың қауіпсіздігіне көз жеткізіңіз. Өйткені олардың өмірі – сіздің қолыңызда!» - деп ескертті төтеншеліктер.