Қазақстандық бессайысшылар Азия ойындарының финалына жолдама алды

18 қыркүйек, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстандық бессайысшылар Азия ойындарының финалына жолдама алды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Азия ойындары аясында қазіргі бессайыс жарысының ерлер арасындағы жартылай финал мәресіне жетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Жартылай финалдың А тобында Тихон Варехин барлық сынның қорытындысы бойынша, 1520 ұпай жинап, төртінші орынға ие болды. Ал Темірлан Абдраимов 1507 ұпаймен алтыншы орынға тұрақтады.

В тобында Кирилл Стадник 8-орынға тұрақтаса, Лев Чувашов 6-орынды иеленді.

Осылайша, төрт спортшымыз да жарыстың шешуші кезеңіне өтті. Финал 20 қыркүйекке жоспарланған.

Еске сала кетейік, волейболдан Қазақстан құрамасы Азия ойындарының ширек финалына шықты.