ТЖМ тікұшағы баланы Есілден Көкшетауға шұғыл жеткізді

23 қыркүйек, 2026
Дәукен Тұрдашев Дәукен Тұрдашев
ТЖМ тікұшағы баланы Есілден Көкшетауға шұғыл жеткізді
Фото: видеодан скрин

Ақмола облысының Есіл қаласында 2014 жылы туған бала санитариялық авиация арқылы Көкшетауға шұғыл жеткізілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» әуе кемесінің экипажы санитариялық авиация дәрігерімен бірлесіп, баланы Есіл қаласынан Көкшетауға тасымалдады.

Шұғыл медициналық көмек қажет болуына байланысты бала әрі қарай тексеріліп, ем қабылдауы үшін облыстық медициналық мекемеге жіберілді.

ТЖМ мәліметінше, экипаж бен медицина маманының жедел әрі үйлесімді жұмысының арқасында пациент облыс орталығындағы медициналық ұйымға уақытылы жеткізілген.

Бұдан бұрын Қазақстан ТЖМ авиациясы 280 пациентке шұғыл көмек көрсеткенін жазған едік.