Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Королін құттықтады

23 қыркүйек, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Королін құттықтады
Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен оның отандастарын Корольдіктің Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық және өзара қолдау рухында дамып келе жатқан сан қырлы ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Королі мен ел басшылығының жауапты қызметтеріне толағай табыс, ал сауд халқына құт-береке тіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының кеңесін өткізді.