Астана құтқарушылары өрт жолағында психологиялық дайындықтан өтті
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің гарнизонында орта және аға басшы құрамға арналған өрт жолағындағы практикалық сабақтар өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаттығу барысында жеке құрам ашық от, жоғары температура және өрт сөндіру кезіндегі өзге де қауіпті факторларға барынша жақындатылған жағдайда арнайы кедергілерден өту бойынша тапсырмаларды орындады.
Сабақ кезінде қызметкерлердің үйлесімді іс-қимылына, жеке қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалануына және қауіпсіздік талаптарын сақтауына ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар өрттің қауіпті факторлары әсер еткен кездегі психологиялық тұрақтылықты қалыптастыруға бағытталған жаттығулар жүргізілді.
Құтқарушылар жағдайды бағалау, ықтимал тәуекелдерді анықтау, өртті сөндіру және адамдарды құтқару кезінде дұрыс шешім қабылдау дағдыларын да пысықтады.
ТЖД мәліметінше, мұндай практикалық сабақтар жеке құрамның экстремалды жағдайларда әрекет етуге тактикалық және психологиялық дайындығын арттыруға, сондай-ақ қызметтік міндеттерді орындау кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұған дейін Астанада үйлерге түтін датчиктері орнатылып жатқанын жаздық.