Жеңіс Қасымбек елордалықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

21 наурыз, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Жеңіс Қасымбек елордалықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
Фото: Қала әкімінің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елорда тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz әкімнің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап. 

“Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді көктемнің шуақты да шырайлы мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн жаңарудың, жақсылықтың, бірліктің, игі бастамалардың, бейбітшілік пен келісімнің символына айналды. Елордамыз – рухани мәдениет пен салт-дәстүр астасып жатқан әрі мыңдаған адамның арманына айналған қала. Бізді достық, сыйластық және дамуға деген талпыныс біріктіреді”, - деді әкім. 

Наурыздың 14-і күні Астанада Наурыз мейрамын тойлауға арналған Наурызнама онкүндігі басталды. 

“Осы 10 күн ішінде Астанада мерекеге орай 200-ден астам іс-шара – концерттер, көрмелер, спектакльдер, шығармашылық кештер, спорт ойындары, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және т.б. өтеді. Барлық алты ауданда іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Наурыз мейрамы шаңырақтарыңызға шаттық, береке мен бақыт әкелсін! Жаңа жыл әрқайсыңыз үшін және сүйікті елордамыз үшін табысты болсын! Мереке құтты болсын!”, - деді Жеңіс Қасымбек.