00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Астаналық зейнеткерлер скандинавиялық жүріспен айналысады

Астаналық зейнеткерлер скандинавиялық жүріспен айналысады
Фото: Астана қаласы әкімдігі сайтынан

Елордада скандинавиялық серуенмен айналысу үшін «Есіл» және «Нұра» аудандарына қарасты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері күн сайын Ботаникалық саябаққа жиналып, таза ауада серуендейді, деп хабарлады Elordainfo Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

Скандинавиялық серуеннен шеберлік сабақтарын спорт саласында 45 жылдан астам уақыт қызмет еткен ардагер-спортшы Туғанай Бейсембаева жүргізеді.

Бүгінде білікті маманның жаттығу сабақтарына 152 зейнеткер қатысады, олардың арасында ең жасы үлкені – 86 жастағы Сабыржан ақсақал.

«Біз скандинавиялық серуен секциясында 4 топқа бөлініп айналысамыз. Жаттығу сабақтары Ботаникалық саябақ пен «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді. Қыс мезгілінде ауа райына байланысты -15 градусқа дейін суықта таза ауада 40-45 минуттай жүруге тырысамыз. Зейнеткерлердің бәрі белсенді, арамызда спорттың осы түрімен 4 жылдан бері айналысып келе жатқандар бар», - деп сөзін түйіндеді орталықтың дене шынықтыру нұсқаушысы Туғанай Қойшықызы.

Бүгінде скандинавиялық серуен секциялары барлық аудандық филиалдарда бар.