Елордада су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған форум өтіп жатыр

Бүгін, 15:39
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған форум өтіп жатыр
Фото: instagram.com/tzeinulkabden

Астанада GLOBAL WATER II Халықаралық су технологиялары мен жабдықтары көрмесі және II Халықаралық су ресурстары және технологиялары форумы өз жұмысын бастады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазіргі климаттың қарқынды өзгеруі және су ресурстарына түсетін жүктеменің артуы жағдайында су қауіпсіздігі мен тұрақты су пайдалану мәселелері ерекше өзектілікке ие.

«Қазақстан Су ассоциациясының төрағасы ретінде бұл саладағы мәселелерді шешу үшін Үкімет жобалау мен құрылысқа жүйелі тәсіл енгізу, жаңғыртуға жататын нысандарды іріктеу, су шаруашылығы және су бұру жүйелерін модернизациялау бойынша нақты шаралар қабылдап жатқанын атап өттім. 2025-2029 жылдарға арналған энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба қабылданды», - деп жазды Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден.

Алдағы күндері су ресурстарын басқару саласындағы маңызды мәселелер жан-жақты талқыланады. Бұл – мемлекеттік саясат пен реттеуден бастап, ағын суларды тазартудың заманауи технологиялары мен су ресурстарын цифрландыруға дейінгі кең ауқымды тақырыптарды қамтиды.

Форум нәтижесінде халықаралық әріптестік күшейіп, су қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты ұсыныстар әзірленеді.