00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Оқу-ағарту министрі азаматтарды жеке қабылдады

Оқу-ағарту министрі азаматтарды жеке қабылдады
Фото: Оқу-ағарту министрлігінен

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Еліміздің тұрғындарына әр өңірден бейне байланыс режимінде де өз сұрақтарын қою мүмкіндігі берілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Өтініштер негізінен мектепке дейінгі және орта білім беруден бастап техникалық және кәсіптік оқыту, сондай-ақ инклюзивті білім беру мәселелерін қамтыды.

Министр тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді. Қосымша зерделеу мен пысықтауды қажет ететін мәселелер ведомство басшысының жеке бақылауына алынды.

Қабылдау қорытындысы бойынша Оқу-ағарту министрлігінің комитеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, министрдің азаматтарды жеке қабылдауы өңірлерде де өтеді, сондай-ақ Астана қаласында Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 16 кіреберісте орналасқан азаматтарды қабылдаудың мамандандырылған орталығында ұйымдастырылады.