Бүгін елордада бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқиды. Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасы мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«2025 жылғы 15 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - деп жазылған Астана қаласы Білім басқармасы хабарламасында.