Бұл туралы City Transportation Systems ЖШС баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Көліктік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында 11 қалалық бағдарда демалыс және жұмыс күндері қатынайтын автобустар саны 22 және 5 экспресс-бағдарда 10 автобусқа артады», - делінген хабарламада.
10 қазаннан бастап, демалыс күндері:
- № 12 бағдар – енді 12 автобус (бұрын 11);
- № 37 бағдар – енді 12 автобус (бұрын 10);
- № 46 бағдар – енді 16 автобус (бұрын 15);
- № 50 бағдар – енді 14 автобус (бұрын 12);
- № 64 бағдар – енді 12 автобус (бұрын 11).
12 қазаннан бастап, жұмыс күндері:
- № 3 бағдар – енді 20 автобус (бұрын 18);
- № 4 бағдар – енді 20 автобус (бұрын 16);
- № 5 бағдар – енді 20 автобус (бұрын 16);
- № 35 бағдар – енді 18 автобус (бұрын 16);
- № 36 бағдар – енді 18 автобус (бұрын 17);
- № 63 бағдар – енді 24 автобус (бұрын 22).
Экспресс, күнделікті:
- № 502 бағдар – енді 14 автобус (бұрын 12);
- № 505 бағдар – енді 14 автобус (бұрын 12);
- № 506 бағдар – енді 12 автобус (бұрын 10);
- № 507 бағдар – енді 12 автобус (бұрын 10);
- № 508 бағдар – енді 12 автобус (бұрын 10).
Автобус санын арттыру күту уақытын қысқартуға және сапарларды ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.