Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Құрметті қызмет алушылар! Мемлекеттік корпорация Тәуелсіздік күніне байланысты 2025 жылдың 16 желтоқсанында, сейсенбі күні, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейтінін хабарлайды. Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз және көтеріңкі көңіл-күй, отбасыларыңызға шаттық пен береке тілейміз!», - деп жазылған «Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бұған дейін eGov Mobile қосымшасында жаңа қызмет түрі пайда болғанын жаздық.