Педагогтер біліктілік санатына 30-50% үстемеақы алып отыр – вице-министр

Педагогтер біліктілік санатына 30-50% үстемеақы алып отыр – вице-министр
Фото: ОКҚ

Соңғы үш жылда жаңа аттестаттау жүйесі бойынша біліктілік санаты бар педагогтер үлесі 47%-ға жетті. Педагогтер біліктілік санатына 30-50% үстемеақы алып отыр. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекованың айтуынша, еліміздің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 103 педагог қызмет етеді. 2019 жылдан бастап балабақшаларда жұмыс жасайтын педагогтердің жалақысы 130%-ға артты. Сондай-ақ 41 мыңға жуық педагогке біліктілік санаты үшін лауазымдық жалақысына 30-50% аралығында қосымша үстемеақы төленеді.

«Соңғы үш жылда жаңа аттестаттау жүйесі бойынша біліктілік санаты бар педагогтер үлесі 43-тен 47%-ға дейін өсті», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Балабақша жанындағы 337 құзыреттілік орталықтарында педагогтердің үздік тәжірибесі жинақталып, таратылу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соңғы 3 жылда 58% мектепке дейінгі білім саласының педагогтері білім жетілдіру курстарынан өткен.