Шымкентте борышкерлердің елден шығуына қойылған шектеулерді алып тастаған 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды
Шымкент қаласының прокуратурасы тексеру нәтижесінде жеке сот орындаушыларының заң бұзушылыққа жол бергендерін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Жеке сот орындаушылар борышкерлердің Қазақстан Республикасынан шығуына бұрын қойылған шектеулерді заңсыз алып тастаған және атқарушылық іс жүргізуді заңсыз қозғаған (ЖСО еңбек демалысында болған кездерінде, олардың көмекшілері атқарушылық іс жүргізуді қозғаған).
Прокуратура Қазақстан Республикасы әділет министрінің атына заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынысын енгізген.
Ұсынуды қарау нәтижесінде 85 жеке сот орындаушы тәртіптік жауаптылыққа тартылып, сонымен қатар жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына берілген мемлекеттік лицензияларынан айыру туралы сотқа талап қою енгізілді.
«Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің талап қоюы қанағаттандырылып, 12 жеке сот орындаушылицензиядан айырылды. Сот актісі күшіне енді», - делінген хабарламада.
Прокуратура органдары атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды тұрақты негізде жүзеге асырады және бұзушылық фактілері анықталған жағдайда оларды жою және кінәлі тұлғаларды жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.
Еске салайық, бұдан бұрын Алматыда жеке сот орындаушысы 370 миллион теңгеден астам қаржыны заңсыз иемденгені туралы хабарладық.