05.12.2025
RU
Мәзір

Алматыда жеке сот орындаушысы 370 миллион теңгеден астам қаржыны заңсыз иемденген

|
Алматыда жеке сот орындаушысы 370 миллион теңгеден астам қаржыны заңсыз иемденген
Фото: freepik.com

Алматыда жеке сот орындаушысы өндіріп алушыларға тиесілі ақшаны заңсыз иемденгені үшін сотталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қала прокуратурасының жүргізген тексеруі барысында тәртіп бұзушылық фактілері анықталды.

«Жеке сот орындаушысы өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, өндіріп алушыларға тиесілі 370 миллион теңгеден астам қаржыны иемденіп алғаны, сондай-ақ Range Rover автокөлігін заңсыз иемденіп, 19 миллион теңгеден астам шығын келтіргені анықталды.

Алмалы аудандық сотының үкімімен жеке сот орындаушысының қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан және сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығынан айырылды», - делінген Алматы қаласы прокуратурасының хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Астанада салықтан жалтарған жеке сот орындаушыларынан 40 млн теңгеге жуық ақша өндірілген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗