Елімізде Қытай – Қазақстан дәстүрлі медицина орталығы жобасы қолға алынды

Бүгін, 14:39
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елімізде Қытай – Қазақстан дәстүрлі медицина орталығы жобасы қолға алынды
Фото: freepik.com

Қытай – Қазақстан дәстүрлі медицина орталығы (бұдан әрі – Сиань клиникасы) 2021 жылғы қаңтарда құрылды. Бұл орталық Қытай Халық Республикасының Дәстүрлі қытай медицинасы жөніндегі ұлттық басқармасының, Шэньси провинциясының дәстүрлі қытай медицинасы басқармасы мен Шэньси провинциясы Денсаулық сақтау комитетінің жетекшілігімен ашылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Орталық Шэньси дәстүрлі қытай медицинасы ауруханасы (ДҚМ) мен Сиань қаласындағы Миға қатысты ауруларды емдейтін ДҚМ ауруханасының бірлескен жобасы болып табылады. Орталықтың жалпы аумағы – 1500 шаршы метр, штатта 38 қызметкер жұмыс істейді.

Қазақстан тарапынан жоба Астана қаласы әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік деңгейдегі қолдауымен жүзеге асырылуда. Бұл орталықтың институционалдық тұрақтылығы мен ұзақ мерзімді дамуына кепілдік береді.

Орталықтың негізгі қызмет бағыттары – балалар церебральды параличі, ақыл-ой кемістігі, аутизм спектрінің бұзылыстары, эпилепсия, инсульт, бас ми жарақаты, буын аурулары мен ішкі ағзалардың кең таралған сырқаттары кезінде ДҚМ әдістері арқылы диагностика, емдеу, оңалту және оқыту.

Ерекше назар халықаралық мамандар тобының бірлескен жұмысына аударылған: Қытайдан келген дәрігерлермен қатар, Қытайда білім алған қазақстандық дәрігерлер де еңбек етуде. Олар – жергілікті денсаулық сақтау жүйесін және пациенттердің менталитетін жақсы білетін отандық мамандар, бұл ДҚМ-нің озық әдістерін Қазақстанға тиімді енгізуге септігін тигізеді.

Сиань клиникасы ашылған сәттен бастап клиникалық және оңалту орталығы ғана емес, сонымен қатар маңызды білім беру алаңына айналды. 2023 жылдан бастап орталық базасында дәстүрлі қытай медицинасы бойынша халықаралық біліктілікті арттыру курсы өткізілуде. Бұл бағдарламаға Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен 100-ден астам дәрігер қатысты. Оқытуға теориялық дәрістер, клиникадағы практикалық сабақтар, сондай-ақ Сиань ДҚМ ауруханасы базасында Қытайда тағылымдамадан өту мүмкіндігі кіреді.

Сиань клиникасы ДҚМ қызметтерін экспорттауға арналған ұлттық платформаға негізделіп жұмыс істейді және Шэньси мен Сиань ауруханаларының жетекші сарапшыларын біріктіреді. Орталықтың білім беру базасын Шэньси ДҚМ университетінің жанындағы Халықаралық білім беру орталығы мен Конфуций институты қолдайды. Сонымен қатар, орталық ДҚМ емдеу тәжірибелерін стандарттауды белсенді түрде енгізіп келеді.

Бүгінде Сиань клиникасында 20-дан астам дәстүрлі процедуралар (инемен емдеу, моксотерапия, туйна массажы, банка қою, аурикулотерапиясы) және 10-нан астам заманауи оңалту әдістері (емдік дене шынықтыру, логопедия, еңбек терапиясы және т.б.) ұсынылады.

«Бір белдеу – бір жол» бастамасын ілгерілету нәтижесінде орталық Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің тұрғындарының сеніміне ие болды. Орталық күніне 300-ге дейін пациент қабылдайды.

Клиникалық қызметпен қатар, орталық сегіз бағытты қамтиды: сауықтыру, емдеу, кадрлар даярлау, технологиялармен оқыту, ғылыми зерттеу, академиялық алмасу, стандарттау және жабдықтарды ілгерілету. Бұл оны өңірде дәстүрлі қытай медицинасының жан-жақты даму платформасына айналдырады.

Қытай – Қазақстан дәстүрлі медицина орталығы Орталық Азиядағы ұзақ мерзімді даму бағытына бет алған және ҚХР шекарасынан тыс дәстүрлі қытай медицинасын дамытуға, халықтың кең ауқымына пайда әкелуге бағытталған эталонды халықаралық мекемеге айналуды мақсат етеді.