ҰҚШҰ Бас хатшысы әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты көңіл айтты
25 қыркүйек, 2026
Фото: ҰҚШҰ ресми сайты
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы Таалатбек Масадыков Қазақстан әскери қызметшілерінің қаза болуына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҰҚШҰ ресми сайтына сілтеме жасап.
Таалатбек Масадыков көңіл айту хатында әскери қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Қазақстанның әскери қызметшілерінің жақындарына қайғырып көңіл білдірді.
«Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Қайғылы оқиға салдарынан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз», – делінген көңіл айту хатында.
Еске салсақ, Air Astana қаза тапқан әскери қызметшілердің жақын туыстарын тегін тасымалдайтынын жаздық.
Ұқсас жаңалықтар
25 қыркүйек, 2026
UBTECH Robotics Corp компаниясының аға президенті Мемлекет басшысына алғыс айтты
25 қыркүйек, 2026
Президент Qazpost-YTО бірлескен кәсіпорнының жұмысын оң бағалады
25 қыркүйек, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Xinfa Group компаниясының президентін қабылдады
25 қыркүйек, 2026
Президент Fufeng Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады