«Барыс» – «Нефтехимик» матчы 26 қыркүйекке ауыстырылды
Жалпыұлттық аза тұтуға байланысты 25 қыркүйекке жоспарланған «Барыс» - «Нефтехимик» матчы барлық тараптардың келісімімен 26 қыркүйекке ауыстырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Барыс» хоккей клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ойын ертең Қазақстан уақытымен сағат 13:00-де басталады.
«25 қыркүйекке сатып алынған барлық билеттер ертеңгі матчқа жарамды. Билетті қайтару қажет болған жағдайда, мына сілтеме арқылы өтіп, нұсқаулыққа сәйкес әрекет ету қажет», - делінген хабарламада.
Билетті қайтару кезінде билет жүйесі тарапынан автоматты айыппұл есептелмеуі үшін «Қайтару себебі» жолына міндетті түрде «Матчтың ауыстырылуына байланысты» деп көрсету қажет.
Еске салсақ, 26-27 қыркүйек күндері елорданың «Тарлан арена» спорт кешенінде пара хоккейден Қазақстан чемпионаты өтеді.