Жалпыұлттық аза тұту күні

Софья Сподаренко Азия ойындарының финалына шықты

Бүгін, 09:05
Думан Аманжол Думан Аманжол
Софья Сподаренко Азия ойындарының финалына шықты
Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитеті

Қазақстандық жүзгіш Софья Сподаренко Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап. 

Отандасымыз 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден іріктеу кезеңінде сынға түсті.

Нәтижесінде ол қашықтықты 26.42 секунд уақытта жүзіп өтіп, бесінші орынмен ақтық сынға өтті.

Осы бағдарламада София Абубакирова 27.40 нәтижесімен 12-орын алып, жарысты аяқтады.