Имантау-Шалқар курортында 13 демалыс аймағының қауіпсіздігі артады

Бүгін, 17:55
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Имантау-Шалқар курортында 13 демалыс аймағының қауіпсіздігі артады
Фото: instagram.com/visitsko

Солтүстік Қазақстан облысындағы Имантау-Шалқар курортты өңірінде модульдік үлгідегі алғашқы құтқару станциясының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Туризм индустриясы комитетіне сілтеме жасап.

Заманауи нысанның пайдалануға берілуі ішкі туризмде сұранысқа ие бағыттардың бірі саналатын Имантау-Шалқар курорттық өңіріндегі қауіпсіздік жүйесін нығайту жолындағы маңызды қадам.

Жаңа құтқару станциясы жыл сайын 33 мыңнан астам турист келетін 13 демалыс аймағының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Нысанның модульдік форматы судағы төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге және демалушылар үшін қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Аталған станцияның ашылуы туристік инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ курортты өңірде азаматтардың жайлы әрі қауіпсіз демалуына жағдай жасауға бағытталған.

Бұған дейін Бурабай курортында суда құтқару станциясы пайдалануға берілгенін жазған болатынбыз.