Биыл елімізде үш жаңа газ кен орны пайдалануға берілді

Бүгін, 12:51
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Биыл елімізде үш жаңа газ кен орны пайдалануға берілді
Фото: primeminister.kz

Үкімет жұмысының 2025 жылғы қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы барысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Мемлекет басшысының елдің ресурстық базасын нығайту және газ инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ведомство басшысы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті Президент белгілеп берген стратегиялық приоритет болып қала беретінін атап өтті. Есепті кезеңде Қайыргелді, Тұзкөл және Тасболат жаңа үш газ кен орыны пайдалануға берілген.

Тасболат кен орнын іске қосу Маңғыстаудағы Қазақ газ өңдеу зауытының қуатын толықтыруға мүмкіндік берді.

Бұған дейін энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 12%-ға артқанын айтқан болатын.