«Жол жиегіндегі балалар креслосы»: ІІМ желіде тараған жүргізушілерге қойылған «тұзақ» туралы ақпаратты жоққа шығарды
Әлеуметтік желіде жол жиегінде ішінде «бала» бар автокреслолардың қалдырылғаны туралы ақпарат тарады. Осыған қатысты Ішкі істер министрлігі ресми Telegram-арнасында пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Желіде қаскөйлердің жол жиегіне манекен бала салынған автокреслолар қойып, жүргізушілерді тоқтату үшін көлікке жұмыртқа лақтыратынын туралы ақпарат тарады. Алайда Ішкі істер министрлігі мұны жоққа шығарды.

«Мессенджерлерде таралып жатқан жол бойындағы автокреслолар секілді «тұзақ», сондай-ақ көлікті тоқтату үшін алдыңғы әйнекке жұмыртқа лақтыру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп мәлімдеді ведомство.
Құқық қорғау органдары әлеуметтік желі қолданушыларына бұқаралық ақпарат құралдары немесе интернет арқылы әдейі жалған ақпарат таратқандардың жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Мессенджерлерде таралып жатқан жол бойындағы автокреслолар секілді “тұзақ”, сондай-ақ көлікті тоқтату үшін алдыңғы әйнекке жұмыртқа лақтыру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды”, - деп мәлімдеді ведомство.
Құқық қорғау органдары әлеуметтік желі қолданушыларына бұқаралық ақпарат құралдары немесе интернет арқылы әдейі жалған ақпарат таратқандардың жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
ІІМ тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.
Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында 7 көлік соқтығысып, 1 адам көз жұмғанын жазған едік.