Ақмола облысында 7 көлік соқтығысып, 1 адам көз жұмды

Бүгін, 15:28
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Ақмола облысында 7 көлік соқтығысып, 1 адам көз жұмды
Фото: Ақмола облысы полиция департаментінен

Бүгін Павлодар қаласы бағытымен Астана - Ерейментау - Шідерті автожолының 94-95 шақырымында жеті автокөлік соқтығысты. Бұл туралы Ақмола облысы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам әртүрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді. Бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тексеру жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданатын болады.Полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жол қозғалысына қатысушыларды, әсіресе қозғалыс қарқынды учаскелерде, жылдамдық режимін сақтауға, сондай-ақ, көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылауға шақырады», - деп жазылған Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Бұған дейін Қарағандыда жолаушылар мінген автобус жүк көлігімен соқтығысқанын жаздық.