Мемлекет басшысы ресми сапармен Жапонияға барады

Бүгін, 10:24
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Мемлекет басшысы ресми сапармен Жапонияға барады
Фото: akorda.kz

18-20 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Сапар аясында Император Нарухитомен, Премьер-министр Санаэ Такаичимен, сондай-ақ Жапонияның іскерлік орта өкілдерімен кездесу жоспарланған.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысады.

Бұған дейін Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалған болатын.