Тоқаев Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 қазан, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Тоқаев Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты,  деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттер басшыларымен бірге Ереванда Карен Демирчян атындағы спорттық-концерттік кешенде ұйымдастырылған COP17 қарсаңындағы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылу салтанатын тамашалады.

Іс-шара аясында мәртебелі меймандарға Жер шарының биоалуантүрлілігін сақтау және табиғатты аялау сияқты жаһандық мәні зор тақырыпқа арналған көрнекті интерактивті шоу көрсетілді.