00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл психологиялық қолдау орталықтары шамамен 240 мың адамға көмек көрсетті

Биыл психологиялық қолдау орталықтары шамамен 240 мың адамға көмек көрсетті
фото: t.me/oqu_agartu

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері биыл еліміздің 20 өңірінде психологиялық қолдау орталықтары жұмыс істей бастағанын мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде орталықтар шамамен 240 000 мектеп оқушысы мен олардың отбасыларына көмек көрсеткен.

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан орталық жұмысының тиімділігін бағалау үшін әдістемелік ұсынымдар әзірлеу және мамандардың біліктілігіне қойылатын талаптарды ескере отырып, жаңа тәсілдер енгізілгенін атап өтті.

«Министрлік орталықтардың қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды, штаттық кестені, қызметкерлердің біліктілігі мен материалдық-техникалық жабдықталуына қойылатын талаптарды бекітті. Орталықтардың қызметін дамыту үшін жобалық кеңсе құрылды, провайдерлер анықталды. Орталықтан тиісті бақылау күшейтіледі. Барлық әкімдіктер белгіленген алгоритмге сәйкес орталықтардың жұмысын реттеуді жалғастыруда», — деп атап өтті вице-министр Еділ Оспан.