350 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа қабылданды

Фото-коллаж: Elordainfo.kz
Жаңа 2024-2025 оқу жылында 351 176 бала 1-сыныпқа қабылданды және оның 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Бірінші сыныпқа баратын оқушылардың ең көп саны Түркістан облысында (44 мыңнан астам), Алматы облысында (34 мың), Астана қаласында (26 мыңнан астам) тіркелген. 2024-2025 оқу жылында 7 859 мектепте 3,9 миллионнан астам қазақстандық бала білім алады. Сонымен қатар, 11-сыныпта оқитындардың саны да рекордтық көрсеткішке жетті – 219 мыңнан астам бала.
Жалпы жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 369 мың бала қабылданады деп күтілуде.
Ұқсас жаңалықтар

14 қазан, 2025
550 мыңға жуық студент жасанды интеллект бойынша курстардан өтті

13 қазан, 2025
1-11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жөніндегі бірыңғай нұсқаулық әзірленіп жатыр

13 қазан, 2025
Қазақстанда инклюзивті білім беру жөніндегі Дүниежүзілік конгресс өтеді

10 қазан, 2025
Балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарының қорғалуы басты назарда болуы тиіс - Жұлдыз Сүлейменова