00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жанар-жағармайды елден шығаруға тыйым салынады

Жанар-жағармайды елден шығаруға тыйым салынады
Фото: Энергетика министрлігінен

Ішкі нарықта жанар-жағармай тапшылығын болдырмау мақсатында Энергетика министрлігі мұнай өнімдерін темір жол көлігімен экспорттауға тыйым салуды жоспарлап отыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мұнай өнімдерін автомобиль және теміржол арқылы елден әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салу көзделген.

Қазір ЖЖМ тұтынудың әдеттен тыс ұлғаюы және ішкі нарықта қалған өнімнің азаюы байқалады. Атап айтқанда, Қазақстанның оңтүстік шекаралас аймақтарында айтарлықтай өсім байқалады. Бұл жағдай Қазақстан Республикасында және шекаралас елдердегі мұнай өнімдері бағасы арасындағы айырмашылығымен байланысты, осының салдарынан өнім шекаралас елдерге әкетіліп жатыр, – делінген министрлік хабарламасында.

Бұл тыйым ЕАЭО елдеріне де қатысты.

Мұндай шешімге келуге жанар-жағармайды тұтынудың шамадан тыс ұлғаюы және ішкі нарықта қалған өнімнің азаюы себеп болған.