Референдум-2026

Астанада Сығанақ көшесі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады

Астанада Сығанақ көшесі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады
Фото: Астана әкімдігі

Астанада 5-7 шілде аралығында Сығанақ көшесінде Арыс көпірінен (М-3) Түркістан көшесіне дейінгі аралықта жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады. 

Осы ретте жарияланымда көрсетілген оң жақ съездер көлік қозғалысы үшін жабық болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.