00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Елімізде жүк көлігін шығаратын зауыт ашылады

Елімізде жүк көлігін шығаратын зауыт ашылады
фото: t.me/KZgovernment

Қазақстан–Қытай дөңгелек үстелі барысында қытайлық және қазақстандық компаниялар арасында Қазақстанда жүк көлігін шығару бойынша бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, зауыт Қарағанды облысының Саран қаласында орналасатын болады.

«Бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойылды. «Саран» индустриялық аймағының базасында жүк және коммерциялық техника өндіретін жаңа зауыт салынады. Жаңа кәсіпорын құру бізге қосымша 1,5 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ біз жаңа технологияларды аламыз, дәнекерлеу, катафорез, бояу және шағын торапты құрастыру үшін заманауи жабдықтар сатып алынады. Жас инженерлер Қытайда қолданылатын жаңа дағдыларды игеруге мүмкіндік алады», — деді бірлескен жобаның жетекшісі Арғұлан Майқонов.