00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Алматы Бас жоспары» бас директорының орынбасары сотталды

5 қараша, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
«Алматы Бас жоспары» бас директорының орынбасары сотталды
фото: Freepik

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының үкімімен «Алматы Бас жоспары» ЖШС Бас директорының орынбасары С. Өмірәліұлы 3 жыл 6 айға сотталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ол алаяқтық жасағаны және жергілікті кәсіпкерді жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерткені үшін қалалық жер қатынастары басқармасының лауазымды адамына 9,6 млн теңге сомасында пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.

«Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.