00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қант диабетіне шалдыққан пациенттерге қандай көмек көрсетіледі

14 қараша, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Қант диабетіне шалдыққан пациенттерге қандай көмек көрсетіледі
фото: Оңалхан Өнерхан

Бүгін -Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні. Соған орай Денсаулық сақтау министрлігі осы дертке шалдыққан пациенттерге емханаларда қандай көмек көрсетілетінін атады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Халықаралық диабет федерациясының деректері бойынша әлемде қант диабетімен ауыратын 500 миллионнан астам адам бар.

«Қазақстанда биыл 1 қазанда қант диабеті диагнозы қойылған 516 564-тен астам адам тіркелген, оның 92,4%-ы немесе 486 853-і 2 типті ҚД-ның үлесіне тиесілі, 1-типті қант диабеті диагнозы 29 711 қазақстандықтан анықталды», - деп көрсетті министрліктің баспасөз қызметі.

Диабет - бұл ауыр асқынуларға алып келетін, тіпті мүгедектікке жеткізуі мүмкін қауіпті ауру. Бұрын бұл ауру ересектерге тән болатын, қазір өмір салты факторларына байланысты балалар мен жасөспірімдердің арасында да жиі кездесетін болған. 

Ұлттық скринингтік бағдарламаның шеңберінде Қазақстанда жыл сайын шамамен 1,6 млн адам қант диабетін ерте анықтауға тексеруден өтеді, бұл ретте 10%-да гипергликемия белгілері анықталады.

«Қазақстанда қант диабеті диагнозы қойылған барлық пациенттер тегін ем қабылдайды, консультациялық-диагностикалық қызметтер алады, дәрігерлердің тұрақты бақылауында болады. Олар сондай-ақ 46 атаудан тұратын дәрілік препараттармен қамтамасыз етілген, оның ішінде  инсулиннің 20  және медициналық бұйымдардың 14 түрі», - делінген хабарламада.

Көрсетілімдер болған жағдайда пациенттер қажетті стационарлық көмек алады. Өткен жылы қант диабетімен ауыратын 56933 пациент ем-дом қабылдады.