Астанадан 12 спортшы Париждегі жазғы Олимпиадаға аттанады
Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында Астана қаласының спортты дамыту дирекциясының басшысы Олжас Әкімовтің қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Дирекция басшысы Париж Олимпиадасына қатысатын елордалық спортшылар туралы айтты.
Париждегі Олимпиада ойындары 26 маусым мен 11 тамыз аралығында өтеді. Олимпиадаға Астана қаласы құрамасының спортшылары спорттың 7 түрінен 13 лицензия жеңіп алды,- деді Олжас Әкімов.
Атап айтқанда:
Теннис – 5 лицензия (Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Александр Бублик, Александр Недовесов, Александр Шевченко);
Бокс – 2 лицензия (Айбек Оралбай, Нұрбек Оралбай);
Жүзу – 2 лицензия (Әділбек Мусин);
Әйелдер боксы – 1 лицензия (Валентина Халзова);
Қазіргі бессайыс – 1 лицензия (Елена Потапенко);
Үстел теннисі – 1 (Кирилл Герасименко);
Спорттық өрмелеу – 1 лицензия (Әмір Маймұратов).
Сонымен қатар 8-13 қыркүйек аралығында Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. 85-ден астам елден 2 мыңнан астам қатысушы спорттың 21 түрінен қатысады деп жоспарлануда. Бүгінгі таңда 89 мемлекет V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатынын растады, - деді дирекция басшысы.
Ұлттық құрама командасының құрамында спорттың 21 түрінен 281 спортшы, оның ішінде 8 спорт түрінен Астана қаласынан 19 спортшы қатысады:
1) Белбеу күресі – 2 спортшы;
2) Асық ату (бес асық) – 2 спортшы;
3) Құсбегілік – 2 спортшы;
4) Тоғызқұмалақ – 1 спортшы;
5) Мангала - 2 спортшы;
6) Ордо – 2 спортшы;
7) Қазақ күресі – 2 спортшы;
8) Дәстүрлі садақ ату – 6 спортшы.
2025 жылдың 7-14 ақпаны аралығында Харбин қаласында (Қытай) қысқы Азия ойындарын өткізумен белгіленді. Астана қаласының құрамасынан 4 спорт түрінен (конькимен жүгіру, шаңғы жарысы, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек) 21 спортшы қатысады деп жоспарлануда.