Тоқаев әзербайжан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

28 мамыр, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Тоқаев әзербайжан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті және әзербайжан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

– Сан ғасырлық достыққа негізделген қазақ-әзербайжан қарым-қатынасы шынайы стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дамып келе жатқаны қуантады. Бірлескен күш-жігеріміз арқылы жетістіктерімізді еселеп, сан қырлы мемлекетаралық ынтымақтастықты жаңа белеске шығаратынымызға сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас әзербайжан халқына бақ-береке тіледі.