Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесті

Бүгін, 15:05
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесті
Фото: akorda.kz

Ашхабадтағы халықаралық форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесті, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Грузия Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы сенімді серіктесі болып қала беретінін айтты.

Сондай-ақ қос халық арасындағы берік достыққа, тарихи тамырластыққа негізделген ұзақ жылғы ынтымақтастықты оң бағалайтынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе саяси диалог, экономикалық және гуманитарлық байланыстар дәйекті түрде дамып келе жатқанын растады.

Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең көлемді мәселелері қарастырылды.

Осы орайда Мемлекет басшысы Грузиямен көлік-логистика, сауда-экономика салаларындағы қарым-қатынасты арттырудың әлеуеті зор екеніне тоқталды.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ құрамында Халықаралық су ұйымын құруды ұсынған болатын.